Қайырымдылық
Аймақтық және ауылдық ҮЕҰ-дың жобалары – Қордың басымдылығы
2008 жылдың 29-шы ақпанында өткен кезекті отырыста Қордың Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері еліміздің барлық аймақтарынан келген жобалардың ішінен ауылдық жобаларға деген қызығушылықтары зор болды. Бұл отырыста 2007 жылдың қараша айынан бастап 2008 жылдың ақпан айына дейін келіп түскен жобалар қарастырылды. Отырыс соңында төмендегі жобалар қаржыландырылды:
- «Алматы облысының ауылдық әйелдер желісі» қоғамдық бірлестігі, «Халықтың әлсіз топтарының жағдайларын жақсарту» жобасы.
Бұл жобада халықтың нашар топтарынан шыққан ауыл әйелдерін «Өзіңе - өзің көмектес топтары» арқылы оқыту жоспарланып отыр. Оқу аяқталғаннан кейін оларды шағын несиелермен қамтамасыз ету жоспарлануда. «Өзіңе - өзің көмектес топтары» деп аталатын әдістемесі соңғы 5-6 жыл ішінде тәжірбиеде қолданылып, тиімді нәтижелерге жетіп отыр. Өтініш берушілер осы жобаны жүзеге асыру арқылы ауыл әйелдерінің экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететінін болжап отыр.
- «Асыл» қоғамдық бірлестік, «Мүгедектердің әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдайлар жасау» жобасы
Бұл жобада «Асыл» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндігі шектеулі балаларын жекелей және топтық сабақтарға қатысуы үшін жолаушыларды тасымалдау көлігін алу жоспарланып отыр. Балалар арнайы түрлі ұйымдарға, психологиялық реабилитациялық топтарға қатысқылары келеді, бірақ та балаларын күнделікті осы аталған шараларға жеткізіп тұру үшін арнайы көліктің жоқтығынан ата - аналар қиыншылық кешуде (көбісінің жағдайлары келмейді).
- «Солярис» әлеуметтік экологиялық қоғамдық бірлестігі, «Созылмалы ауруды емдеудегі анестезиологиялық көмек көрсету» жобасы.
Бұл жобада үмітсіз сырқаттанған адамдарға жансыздандырудың жаңа әдістемесін енгізу жоспарланып отыр. Яғни, бұл жаңа жансыздардырудың әдістемесі бұрын - соңды қолданған қарапайым әдістерге қарағанда ұзағырақ сақталып, тиімді болып саналады. Жоба бойынша бұл әдісті қолдану үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру «Солярис» ҚБ-не жататын хоспис базасында өтеді.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.