Қайырымдылық
06.10.2008
Жобаларды қаржыландырудағы өтініштерді қарастырудың негізгі бір шарты жоба нәтижесінің тұрақтылығы болып табылады.
2008 жылдың 30 қыркүйегінде Қордың Қамқоршылық Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен жобалық өтініштер қарастырылды және талқыланды. Отырыстың соңында келесі жобалар қолдау тапты:
- “Есту қабілеті нашар дамыған мүмкіндігі шектеулі мүгедектерге тұрмыстық қызметтерді көрсету бойынша Әлеуметтік комбинатты ашу негізінде оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету» жобасы. Бұл жобаны «Үміт» есту қабілеті нашар дамыған мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді қолдау Орталығы жүзеге асырады. Жоба аясында есту қабілеті нашар дамыған мүмкіндігі шектеулі мүгедек шаштараз-стилистерді, визажистерді және модельерлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл аталған іс-шаралар тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға, зейнеткерлерге және сол мүгедектердің өздеріне тұрмыстық қызметті көрсету бойынша Әлеуметтік комбинатты ашу арқылы жүзеге асырмақшы.
- «Достар» қайырымдылық Қоғамдық Қоры» қоғамдық бірлестігінен келіп түскен «Жылы - жай шаруашылық» жобасы. Жоба аясында Алматы қаласының сыртында орналасатын 20 түрлі көкеністер мен пайдалы шөптерді өсіру бойынша жылы – жай шаруашылығын ашу жоспарланып отыр. Жобаның мақсаттық тобы – арнайы мектеп-интернаттарының түлегі мүмкіндігі шектеулі балалар. Бұл аталған жоба жобаның мақсаттық тобын жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді. Жоба пайда түсіру мақсатында емес, керісінше жұмыс орындарын кеңейту мақсатында жүзеге аспақшы. «Жылы - жай шаруашылық» жобасын жүзеге асыру кезінде жасөспірімдерді жаңа іскерлікке, дағдыларға үйрету және олардың кәсіби жағынан өсуіне ықпал ететін жаңа экологиялық технологияларды енгізілу жоспарланып отыр.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.