| |
RUS ENG KAZ

Қайырымдылық

31.08.2011

Ержан Тәтішев Қоры 2-ші топ мүгедек Исқақов Мадиярға тұратын жеріне төлейтін шығынына қайырымдылық жәрдем көрсетті.

Халықаралық бизнес Академиясының басшылығы Исқақов Мадияр Қанатханұлына қол ұшын созып, оның Академиядағы оқуының аясында тұратын орнына кететін шығынды төлеу жөнінде Ержан Тәтішев Қорына өтініш хатын жолдады.

Аталмыш оқу орын Мадиярдың оқуына 100 пайыздық жеңілдік жасаған. Ол жастайынан 2-ші топ мүгедек, нашар еститін және көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта оқыған. Соған қарамастан жоғары академиялық көрсеткіштер көрсетіп отыр. Бүгінгі күні Халықаралық бизнес Академиясы Қордың серіктестігі болып табылады, өзара ұзақ мерзімді келісім шартқа қол қойылған. Қордың миссиясы көшбасшылық қабілеттерге және белсенді азаматтық позицияға ие жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету. Мадияр Қордың иедалына жоғары нәтиже көрсетіп, сенімін ақтайтынына Қор сенімді.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.