| |
RUS ENG KAZ

Ержан Тәтішев туралы

Ержан Нұрілдәйімұлы Тәтішев 1967 жылдың 22 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы шағын Тұрбат ауылында қарапайым және көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі, Тәтішев Нұрілдәйім, кәсіби жолында қарапайым ауыл дәрігерінен Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігеріне дейін көтерілген. Анасы, Ұлтай Шомашева, орта мектепте физика пәнінен сабақ берген.

Ержан жігерлі және бас көтерер бала болды. Ата-анасы оған шешім қабылдау, өз ісіне жауап беру қабілетін сіңдірді. Оны еркелетпеді, бірақ та оның алға қойған мақсаттарына жететіндігіне шүбә келтірмеді. Олар қателеспепті.

Ержан Кентау қаласындағы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Мәскеуге ЖОО-на түсуге кетті. 1991 жылы ол Қолданбалы Биотехнология Институтын бітіріп, инженер-технолог мамандығын алды. Сонымен қатар ол Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын бітіріп, экономист мамандығын алды.

Өзінің еңбек жолын 1991 жылы «Мадина» шағын кәсіпорнында бастады. Ол білімі мен тәжірибесін қарқынды түрде байыта отырып, тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеді. 1991 жылдың өзінде-ақ ол «Астана-Холдинг» компаниясының вице-президенті болып тағайындалды. 1993 жылы Ержан Тәтішев – «Казкоммерцбанк» ЖАҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

Өзін білікті қаржыгер ретінде таныта отырып, 1997 жылдың қаңтарында Ержан Тәтішев «ТұранӘлем» банкін басқарды. Ол жылдар оңайға соқпады. Сол жылдары «ТұранӘлем» банкінің Қазақстанның банктік секторы активтеріндегі үлесі бар-жоғы 7%-ды құрады. Ешкім екі банктің бірігуінің табысты боларына сенбеді, біріктіру алдындағы жағдай онша жақсы болмады. Бірақ та 2003 жылға қарай «ТұранӘлем» банкінің активтері 20%-дық үлеске жетті, дамудың бес жылдық стратегиясын жүзеге асыру басталды.Ержан Тәтішев 7 жыл бойына «ТұранӘлем» банкінің саясаты мен даму стратегиясын толассыз анықтаумен болды. Банкке халықаралық акционерлер келді. Оның белсенді қызметінің арқасында 22 филиал, Мәскеу, Киев, Минск, Бішкек, Шанхай, Қазан, Екатеринбург, Тбилиси, Душанбе, Ереван, Баку сияқты қалаларда өкілдіктер ашылды.

Бүгінде ТӘБ – еліміздің көшбасшылық позицияны алатын жүйе құраушы қаржылық институты. Банктің қызметі ипотека, шағын және орта бизнесті несиелендіру, Қазақстаннан тыс жерлерде банктік бизнесін кеңейту саласындағы елдің даму стратегиясын анықтайды. Ержан Тәтішев Қазақстанда ғана танымал болған жоқ, ол ТМД-дағы «Во имя России» Алтын орденін иеленген алғашқы азамат болды.

Ержан Тәтішев батыл басқарушылық шешімдерді қабылдады, қызметкерлер арасында біліктілікті талап етті және команданы ұйымдастырды. Осы «үш кит» «ТұранӘлем» Банкінің табысын анықтайды. Ержан Тәтішевтің есімі әрқашанда «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның өркендеуімен байланысты болады.

2004 жылдың 19 желтоқсанында Ержан Тәтішев небәрі 38 жасында, шығармашылық күшінің нағыз өркендеп тұрған шағында өмірден озды. Оның есімі көптеген адамдардың жүрегінде мәңгілік сақталады. Ержан Тәтішевтің әріптестері, қол астындағылары және серіктестері оны алып тұлға ретінде, танымал банкир, талантты қаржыгер және әкімші ретінде, ең бастысы, өте мейірімді адам, жақын дос, адал әріптес, үлгілі отағасы, әке және ұл ретінде еске түсіреді.